Елімізде тауарларды қадағалау бойынша ұлттық жүйе іске қосылады

720

Бизнеске әкімшілік жүктеме төмендетілмек. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елімізде тауарларды қадағалау бойынша ұлттық жүйе іске қосылады

"Тауарларды толыққанды режимде қадағалап отырудың ұлттық жүйесін іске қосу жоспарлануда. Цифрлық салықтық әкімшілендіруде "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесін енгізу тиімдірек саналады. Онда тауарларға құжаттамалық қадағалау жүргізіледі. Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану арқылы салық төлеушілерді санаттаймыз. Тексеру жоспарларын қалыптастырамыз, салықтық және кедендік бақылауды күшейтеміз. Сондай-ақ деректерді зияткерлік талдау жолымен "бір күндік" компанияларды анықтаймыз және ондай фирмалардың шот-фактуралар жазып беруіне жол бермейміз", – деді Жайдар Іңкәрбаев.

Спикердің айтуынша тексерулер бойынша бизнеске әкімшілік жүктеме төмендетіледі. Яғни, заң бұзушылықтар қашықтықтан анықталады және кәсіпкерлерге хабарламалар жолданады. 

"Осы жылы 40 мыңнан астам электрондық хабарлама жолданды. Соның нәтижесінде қосымша 132 млрд теңгеден астам салық есептелді. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, комитетте Электрондық декларациялау орталығы мен Ахуалдық орталық жұмыс істейді", – деді Жайдар Іңкәрбаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу