Елімізде техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығы құрылды

716

Бірлестік құрамына көп жылдық жұмыс өтілі және бірегей тәжірибесі бар 20 бейінді салалық жоғары білікті техникалық сарапшы енген.  

Елімізде техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығы құрылды

Еліміздің маңызды және танылатын сарапшылық пікірін әзірлеу мақсатында "ҚазСтандарт" РМК базасында Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығы құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Орталықтың негізгі міндеттері айқындалған. Біріншіден, салалардағы техникалық реттеу деңгейін және кәсіпорындардың ЕАЭО техникалық регламенттерін енгізуге әзірлігін айқындау көзделген. Сондай-ақ, сәйкестікті бағалау жөніндегі әдіснамалық жұмыс және техникалық регламенттердің нормаларын қолдану бойынша түсіндіру жұмысын жүргізіледі. Екіншіден, үйлестіру орталығының орталық мемлекеттік органдар жанындағы сарапшылық кеңестерге және Қазақстан Республикасы

Премьер-министрі орынбасарының төрағалығымен өтетін Үйлестіру кеңесіне қатысуы арқылы ЕАЭО техникалық регламенттерінің жобалары бойынша елдік ұстанымды тұжырымдайды. 

Осылайша, Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығы Қазақстан атынан техникалық реттеу мәселелерін халықаралық алаңдарда шешу кезінде келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз етуге жәрдемдеспек.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу