Елімізде темекі бағасы 13%-ға қымбаттады

679

Ал темекі өнімдерін шығару көрсеткіші 10%-ға өсті.  

Елімізде темекі бағасы 13%-ға қымбаттады

Қыркүйектің басында бөлшек сауда нүктелерінде шылымның бір қорапшасы  489 теңгеден сатылды. Яғни, бір жылда темекі 12,7%-ға қымбаттаған, деп хабарлады energyprom.kz. 

Шылым бағасы ең жоғары өңірлер – Ақтөбе (534 теңге), Нұр-Сұлтан (521 теңге), Тараз (506 теңге). Ал ең арзан аймақтар Петропавл (468 теңге), Қызылорда (471 теңге) және Павлодар (474 теңге).

Қаржы министрлігі биылғы жылдың 1 қазанынан бастап темекі өнімдеріне  маркировка жасау міндеттелетінін хабарлады. 

Енді аталған өнімдерді сату тек 2D-сканер көмегімен жүзеге асырылады. Ол барлық мәліметті жинақтап есептеуші органға жіберуге мүмкіндік береді. Бұл нарықтағы "көлеңкелі" қаржы айналымын алдын алып, тұтынушыларды денсаулыққа зиянды контрафакт өнімдерден сақтайды. 

Үкіметтің қаулысына сәйкес 1 қазаннан бастап фильтрі бар темекі өнімдеріне міндетті маркировка енгізілсе, 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап осы талап барлық шылым түрлеріне қатысты болады. 

2020 мамырында Статистика комитеті  арнайы сауалнама жүргізген болатын. Оған 5,5 млн респондент қатысты. Нәтижесінде олардың 21,9%-ы шылым шегетіні, 78,1%-ы шекпейтіні анықталған. ал күніне елімізде 14,1 млн дана темекі шегіледі екен. 

Ал өндіріске келсек 2020 жылдың қаңтар-тамызы аралығында еліміздегі кәсіпорындар 10,6 млрд дана темекі шығарған. 

Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 9,9%-ға жоғары. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу