Елімізде ТОП-100 студент анықталады

732

Еліміздегі колледждердің ТОП-100 студентін қазақстандықтар онлайн дауыс беру арқылы таңдай алады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елімізде ТОП-100 студент анықталады Фото: egemen.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Байқау жеңімпаздарына сертификаттар мен бағалы сыйлықтар ғана емес, сонымен қатар жұмыс берушілерден өздері оқып жатқан мамандықтары бойынша жұмысқа шақыру алады. Былтырғы байқаудың қорытындысы бойынша "ТОП-100"-дің 50-ге жуық қатысушысы жұмысқа орналасқан. Байқаудың мақсаты – дарынды колледж студенттерін танымал ету және оларды қолдау.

Оқу-ағарту министрлігі конкурсты жыл сайын өткізеді. Оған облыстық, республикалық және халықаралық WorldSkills чемпионаттарының, ғылыми конференциялардың жеңімпаздары және олимпиадалардың, түрлі байқаулардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары атанған студенттер, шығармашылық ұжым өкілдері, жобалар, инновациялық идеялар, стартап жобалар авторлары қатыса алады.

"Бұл жай ғана байқау емес, талантты жастарды қолдау және жұмысшылардың біліктілігін арттыру. Байқау үш кезеңнен тұрады: ішкі, облыстық және республикалық. Облыстық қорытынды бойынша әр өңір 10 студентті таңдайды, олар одан өтіп, республикалық деңгейде жарысады. Ал одан кейін үздіктердің үздігін отандастарымыз 1-15 қараша аралығында TOP 100 OUTSTANDING KZ TVET STUDENTS жобасының сайтында жалғасатын онлайн дауыс беру арқылы анықтайды. Cайтта қатысушылар туралы барлық ақпарат бар", - деді Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының міндетін атқарушы Ернат Жүнісов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу