Елімізде төрт түліктің саны артқан

1113

Елімізде төрт түліктің саны артқан

Статистика комитетінің 2018 жылғы 1-қаңтардағы жағдай бойынша берген мәліметіне сүйенсек, еліміздегі төрт түліктің басы көбейгені байқалады. Атап айтқанда, ауылшаруашылық өндірушілердің барлық санаттарындағы жылқы саны - 6,9%-ға, түйе - 7,2%-ға, ірі қара мал - 5,5%-ға, құс – 8,1%-ға, қой мен ешкі 0,8%-ға ұлғайды. Шошқа саны – 2,3%-ға кеміді.

Мал басы негізінен жұртшылық шаруашылықтарында шоғырланған: ірі қара мал – 57,3%, қой мен ешкі – 58,7%, шошқа – 59,3%, түйе – 53%, жылқы – 50,3%. Құс саны ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында шоғырланған (жалпы санынан 72%).

2016 жылмен салыстырғанда еттің барлық түрі тірідей салмақтағы өндірісі 5,4%-ға ұлғайды. Сүт 3%-ға көп сауылды, жүн – 1,2%-ға және жұмыртқа 7,3%-ға жоғары алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу