Елімізде төтенше жағдайлардан қорғау және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтілді

115

Үкімет пен Төтенше жағдайлар министрлігі оған қатысты Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдары мен тапсырмаларын есепке алып отыр.  

Елімізде төтенше жағдайлардан қорғау және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтілді Фото: gov.kz

Былтыр Жоғары аудиторлық палата Төтенше жағдайлар министрлігі қызметінің тиімділігіне аудит жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аудит қорытындысы бойынша Үкіметке республика аумағында сейсмологиялық зерттеулер жүргізу, 2022-2026 жылдарға арналған азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту ұсынылды.

Кейін Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеп, бекітті. Мұнда Шымкент, Қонаев, Тараз, Талдықорған қалаларын, Алматы агломерациясын, сондай-ақ басқа өңірлерді қоса алғанда, ел аумағындағы сейсмикалық қатерді зерттеу шаралары көзделген.

Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы ескеріле отырып, Өндірістік қауіпсіздіктің 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді. Ол ҚР техникалық регламенттерінде, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында, нұсқаулықтар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұған қоса Төтенше жағдайлар министрлігіне жедел резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларына оларды есепке алу, сақтау және жаңарту тәртібі бөлігінде бірқатар өзгеріс енгізу тапсырылды. Төтенше жағдайлар министрінің қажетті өзгерістер бойынша бұйрығы 2025 жылғы 3 сәуірде бекітілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу