Елімізде тұрғын үйді басқарудың 2 мыңға жуық жаңа нысаны құрылды

931

Пәтер иеленушілер кооперативі (КСК) 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін басқарушы немесе қызмет көрсетуші компаниялар болып қайта құрылуы шарт.

Елімізде тұрғын үйді басқарудың 2 мыңға жуық жаңа нысаны құрылды

2021 жылы елімізде тұрғын үйді басқарудың 2 мыңға жуық жаңа нысаны құрылған. Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, деректер әділет министрлігінен алынған.

"2021 жылдың 22 ақпанындағы жағдайы бойынша 1 735 жаңа басқару нысаны құрылды. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматыда", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Еркебұлан Дауылбаев тұрғын үйді басқарудың жаңа нысаны неге баяу жүріп жатқанын түсіндірді.

"Басқарудың жаңа нысандарын құру пайызының төмендігі жиналыстарды өткізуді шектейтін карантин шараларымен байланысты", - деді комитет төрағасының орынбасары.

Еске салайық, 2020 жылы тұрғын коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң күшіне енген еді. Нәтижесінде тұрғын үйді басқарудың жаңа формасы – "бір үй - бір мүлік иелерінің бірлестігі" механизмі енгізілді. 

Осылайша, 2020 жылдан бастап елімізде тұрғын үйді басқарудың нысандары өзгерді. Енді пәтер иелерінің кооперативі (КСК) мүлік иелері бірлестігі (МИБ - ОСИ) алмастырады. Демек көппәтерлі үйдің тұрғындары мүлік иелері бірлестігі арқылы ақшаның қалай жұмсалғанын бақылап, күрделі жөндеуге қаржы жинауға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ заң бойынша пәтер иеленушілер кооперативі (КСК) 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін басқарушы немесе қызмет көрсетуші компаниялар болып қайта құрылуы шарт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу