Елімізде туризм проблемаларын шешуге жауапты Жедел үйлестіру кеңесі құрылады

420

Премьер-министр Олжас Бектенов ол кеңесті орынбасары Аида Балаева басқаратынын айтты.  

Елімізде туризм проблемаларын шешуге жауапты Жедел үйлестіру кеңесі құрылады Фото: t.me/KZgovernment

Үкімет жанынан туризм проблемаларын шешуге жауапты Жедел үйлестіру кеңесі құрылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық бекеттерді, құқық қорғау органдары мен құтқару қызметтерін ұйымдастыру ісі барлық жерде бірдей шешімін таппай келеді. Қонақ үйлерде, туристік нысандарға жақын дәмханалар мен дүкендерде бағалар сол күйі қымбат. Шашылып жатқан қоқыстарға, демалыс орындарына апаратын жолдар мен көлік тұрақтарының жоқтығына қатысты туристер тарапынан түсіп жатқан шағым көп. Осындай мәселелерді шешу үшін барлық әкімдіктің, "Атамекен" палатасының, әр өңірден туризм саласындағы ірі кәсіпкерлердің, сондай-ақ тиісті сарапшылардың қатысуымен Жедел үйлестіру кеңесін құру қажет. Оған Аида Ғалымқызы басшылық етеді, – деді үкімет басшысы.

Үйлестіру кеңесі бір ай ішінде туризмді дамыту тұжырымдамасына арналған іс-қимыл жоспарымен айналыспақ.

– Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары үшін тиісті индикаторларды қарастырып, туристік бизнесті қолдаудың нақты әрі тиімді шараларын әзірлеу керек. Әрі қарай туристік маусымды жедел қамтамасыз ету барысы жергілікті жерлерде әр облыстағы жедел штабтардың бақылауымен жүзеге асырылады, – деп мәлімдеді Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу