Елімізде туу көрсеткіші ең жоғары өңір белгілі болды

623

Қазақстанда 2022 жылы қартаю индексі 28,2 құрады, осылайша көрсеткіш бір жыл ішінде 1,6 пайыздық тармаққа өсті.

Елімізде туу көрсеткіші ең жоғары өңір белгілі болды Фото: google.com

Бұл дегеніміз 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 28,2 қариядан келеді.

Бұл туралы inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары индекс ШҚО-да – 56,9, одан кейін Солтүстік Қазақстан – 56,3 және Қостанай облыстары – 48,9 тұр.

Бұл ретте, халқы ең жас өңір – Маңғыстау облысы, соңғы 10 жылдан бері онда туу көрсеткішінің ең жоғары коэффициенті тіркеліп отыр. Онда 100 балаға 65 жастан асқан 10,8 қарттан келеді. Сондай-ақ қартаюдың төмен индексі Түркістан облысында – 11,3 және Шымкент қаласында –11,7.

Қалалық жерлерде қартаю индексі ауылды жерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 30,7 және 24,5.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу