Елімізде тыңайтқыштар өте аз пайдаланылады

1530

Көрші Өзбекстанда бұл көрсеткіш 52 есе жоғары. 

Елімізде тыңайтқыштар өте аз пайдаланылады

2021 жылғы қаңтар-шілдеде елімізде 255,2 мың тонна азот, 118 мың тонна фосфорлы тыңайтқыштар өндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл ретте фосфорлы тыңайтқыштарды өндіру 4,6%-ға өсті, ал азот тыңайтқыштарын өндіру керісінше 0,3%-ға төмендеді.

Бірінші жартыжылдықтың соңында фосфорлы тыңайтқыштардың отандық өндірушілері сұраныстың 99,5%-ын қамтамасыз етті (бір жыл бұрын - 100% еді). Импорт 91,3 есе өсті, бұл 502,2 тоннаны құрайды. Ішкі нарықта 99,8 мың тонна фосфорлы тыңайтқыш сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,2%-ға көп.

Азот тыңайтқыштарымен жағдай басқаша: қазақстандық өндірушілер сұранысты тек 46,3%-ға қамтамасыз етті (бір жыл бұрын - 47,4%).  Импорт 3,1% -ға өсті және 254 мың тоннаны құрады, импортталған азот тыңайтқыштарының үлесі 52,6%-дан 53,7% -ға дейін өсті.  Елден 65,1 мың тонна азот тыңайтқыштары экспортталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21% -ға көп, бұл ретте ішкі нарықтағы сату 1,8% -ға 407,4 мың тоннаға дейін төмендеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық -түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстанда тыңайтқыштарды тұтыну өте төмен деңгейде. Мәселен, 2019 жылы 1 гектар егістік алқапқа тек 1,8 келі азот тыңайтқышы мен 1 келіден сәл аз фосфорлы тыңайтқыш қолданылса, көршілес Өзбекстанда сол алаңға сәйкесінше 162,6 келі және 50,9 келіден қолданылды. Арменияда гектарына 178,4 келі азотты тыңайтқыш қолданылған, бірақ 50 грамм фосфор. Ресейде 1 гектар егіс алқабына 14 келі азоттық тыңайтқыш пен 4,9 келі фосфорлы тыңайтқыштан келді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу