Елімізде уақытты дәл көрсететін сағат қайда орналасқан?

501

Елімізде уақытты дәл көрсететін сағат Техникалық реттеу және метрология комитетінің ғимаратында, Астана қаласы, Мәңгілік ел 11 мекен-жайында, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елімізде уақытты дәл көрсететін сағат қайда орналасқан? Фото: Яндекс

"Ғимараттың сыртқы қабырғасына куб пішіндес, көк уақыт эталоны ілінген. Бұл Қазақстандағы уақытты дәл көрсету құралы", деп мәлімдеді Техникалық реттеу және метерология комитетінің Қуаныш Елікбаев. 

"Ол атом төрт никель, яғни ыдырауымен байланысты заттарға негізделген. Сондықтан ол уақытты дәл көрсетеді. Ал дәлдікті ұстап тұру үшін күн сайын шетелдік серіктестермен сағаттың дәлдігі салғастырылады. Оның қызметін еліміздегі көптеген мекемелер пайдаланады. Атап айтқанда "Қазақстан ғарыш сапары" апта сайын мәлімет алып отырады. Жоғары жиіліктегі байланысты қамтамасыз ету үшін "Kcell" компаниясы да ол сағаттың қызметіне жүгінеді", – деді Қ. Елікбаев. 

Комитет басшысының дерегінше, уақыт эталонының қызметін қамтамасыз ету мақсатында біліктілігі жоғары 2 ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Олардың жалақысы 250 мың мен 350 мың теңгенің аралығында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу