Елімізде үш айда 432 балаға көкжөтел тиген

470

Оның 90%-ы бес жасқа толмаған балалар.

Елімізде үш айда 432 балаға көкжөтел тиген Фото: canva.com

Елімізде үш айда 432 балаға көкжөтел тиген. Олардың 400-ге жуығы 14 жасқа дейінгі балалар, ал оның 90%-ы бес жасқа толмағандар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары мұны ұжымдық иммунитеттің төмендеуімен байланыстырып отыр. Вакцина алмаудың салдары да осы аурудың өршуіне себеп. Дәрігерлер кішкентай науқастардың 80 пайызы уақытылы екпе салдырмағанын айтады. Қазір Астанада - 126, Алматыда - 30 бала емделіп жатыр, деп жазады Qazaqstan.tv.

"Ауырған кезде де негізі жеңіл түрде өтеді. Пневмония, гипоксия, қатты жөтел ондай болмайды. Вакцинация бізде екі айдан басталады. Үш айда, төрт айда, одан кейін 18 айда вакцинация. Және 6 жаста соңғы ревакцинация болады", - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының департамент директоры Қанат Текебаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу