Елімізде үш бірдей рекорд жаңартылды

111

Түркі әлемі көз тіккен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының республикалық іріктеуі орталық алаңда ұйымдастырылды.

Елімізде үш бірдей рекорд жаңартылды Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елімізде үш бірдей рекорд жаңартылды. Айтулы оқиға елорда күніне орай ұйымдастырылған турнирде орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Турнир аясында жарысқа қатысушылар үш рекорд орнатты. Азамат Бектасов бір қолымен салмағы 82 кг гір тасын 26 рет көтереді. Бауыржан Әбдіхаим салмағы 40 кг болатын қойды арқасына қойып, 5 мың рет отырып тұрды. Гиннесс рекордтар кітабының бірнеше дүркін рекордшысы Жамали Диханұлы тағы бір рекорд орнатты. Спортшы салмағы 3 тонна болатын көлікті 25 метр қашықтыққа сүйреп апарды.

Турнирге еліміздің әртүрлі өңірлерінен іріктелген 19 спортшы қатысты.

Астанада 8-14 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына республикалық іріктеу турнирі өтіп жатыр. Әлемнің 92 елінен 5 мыңға жуық спортшы келеді күтілуде. Бүгінгі турнирде спортшылар бес сайыс бойынша бақ сынауда. Жарыс ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында өткізілуде. Бүгінгі турнирге 19 мықты спортшы қатысып, өз өңірлерінің намысын қорғап жатыр, - деді ҚР Туризм және спорт министрінің кеңесшісі Диас Ахметшәріп.

Толығырақ Atameken Business сюжетінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу