Елімізде валюта айырбастау пункттері жабыла бастауы мүмкін

1682

Ұлттық банк автоматтандырылған айырбастау пункттерінің жұмысын заңдастыратын құжат әзірледі.

Елімізде валюта айырбастау пункттері жабыла бастауы мүмкін

Қазақстанда алда валюта айырбастау пункттері жабыла бастауы ықтимал. Олардың орнын автоматтандырылған айырбастау пункті (ААП) баспақ. Ұлттық банк олардың жұмысын заңдастыратын және соларға жаппай жол ашатын құжатты әзірледі, деп хабарлайды abctv.kz.

Бұл автоматтардың қазақстандықтар үшін үйреншікті банкоматтардан көп айырмашылығы жоқ: оған теңгедегі ақшасын тоғытқан адам тиісті шетелдік валюта түрін таңдаған соң, белгіленген бағам бойынша доллар, еуро, рубль және басқаларын өз бетінше сатып ала беретін болады.

Осы орайда Қазақстанда қолданыстағы "айырбастау операциялары" ұғымы да өзгермек. Енді бұл – "айырбастау пунктері және автоматтандырылған айырбастау пунктері арқылы жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операциялар" болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу