Елімізде ымдау тіліне арналған электрондық сөздік әзірленді

185

Бұл сөздік – ишаралардың көрнекі көрсетілімдері мен автоматтандырылған іздеу жүйесі бар интерактивті ақпараттық база. 

Елімізде ымдау тіліне арналған электрондық сөздік әзірленді Фото: РБК

Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беру саласындағы цифрлық шешімдерді кеңейту жұмыстарын жалғастыруда.

Сол шешімдердің бірі – есту қабілеті бұзылған балаларға арналған онлайн-видео ымдау тілі сөздігі. 

Ресурсты орталықтың ресми сайтында қазақ және орыс тілдерінде тегін жүктеп алуға қолжетімді.

Қолданудың қолайлылығын арттыру және қолжетімділікті кеңейту мақсатында сөздіктің мобильді нұсқасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Оның таныстырылымы 2025 жылғы республикалық тамыз конференциясы аясында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу