Елімізде заңсыз 9 айға сотталған әйелге 21 млн теңге төленуі мүмкін

518

Заңсыз сотталған әйелге өтемақы төленетіні белгілі болды. Бұл туралы оның адвокаты Джохар Өтебеков хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.    

Елімізде заңсыз 9 айға сотталған әйелге 21 млн теңге төленуі мүмкін Фото: Джохар Өтебековтің facebook парақшасынан

Адвокат өзінің Facebook парақшасында заңсыз сотталған әйел адамға 21 миллион теңге төлену керектігін жазған.

Сот процесінде 116 млн теңгені жымқыруға қатыс іс қаралған. Сотталушылар орындығында Өтебеков қорғаған есепші Аймарал және оның директоры болды. Олар құрылтайшыдан ақша алды деген айыпталған. Салдарынан есепші темір торда 9 ай отырды. Бірақ ұзақ талқылаудан кейін оның кінәсіздігі дәлелденген.

"Аймарал 9 ай бойы түрмеде әділетсіз отырды. Оны кішкентай сәбиінен және күйеуінен ажыратты. Жақында біз жас қыз үшін 11 млн теңге шығынның сомасын өндіріп алдық. Бұл оның жоғалтқан жалақысы, адвокаттар мен дәрігерлерге кеткен шығын. Енді біз моральдық зиянның орнын толтыру бойынша сотқа жүгіндік. Міне, судья Нұралинов менің клиентіме тағы 10 млн теңге беру туралы шешім шығарды! Бұл да бұрын-соңды болмаған оқиға!",- деп жазды Джохар Өтебеков.

Адвокат зардап шеккендер үшін мұндай төлемдер елімізде үйреншікті болу қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек ол аталған іс бойынша судьялардың жауапкершілігі туралы сауалға да жауап берді. Жазбаның астындағы комментарийлерде Джохар Өтебеков судьялар ешқандай жазаға тартылмағанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу