Елімізде зейнетақы аударудың жаңа тәртібі енгізіледі

651

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-ға ақша аударудың қолданыстағы тәртібі мен талабы өзгереді.

Елімізде зейнетақы аударудың жаңа тәртібі енгізіледі

Көрсетілген кезеңнен ары қарай жұмыс беруші әрбір қызметкері үшін оның айлық жалақысының 5%-ын зейнетақы қорына міндетті жарна ретінде аударады. Бұл жарнаның қазіргі 10% көлеміндегі міндетті төлемге қатысы болмайды және жарнаның жаңа түрі жұмыс берушінің есебінен төленеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің есебінше, келесі жылдан бастап БЖЗҚ-ға ай сайын 35 млрд теңге түсіп отырады.

Айта кетейік, бұған қатысты заң 2015 жылы қабылданды. Ол 2018 жылы орындалуға тиіс болды. Алайда салалық министрлік жаңашылдықты қолданысқа 2020 жылы енгізген дұрыс деп тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу