Елімізде зергерлік бұйымдар бағасы 4,9%-ға өсті

255

Оның ішінде алтын неке сақиналарының бағасы бір жылда 2,9%, қол сағаттікі 10,1% өскен.

Елімізде зергерлік бұйымдар бағасы 4,9%-ға өсті Фото: freepik

Қаңтар айында Қазақстанда жылдық мәнде зергерлік бұйымдар мен сағат 4,3% қымбаттады, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бұл ретте елімізде бағалы зергерлік бұйымдар өндірісі азайды. 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында зергерлік және сол тектес бұйымдарды өндіру көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8% төмендеген.

Осылайша былтырғы 12 айда қазақстандық компаниялар 1,2 млрд теңгенің зергерлік және соған ұқсас бұйымын өндірген (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан – 1,4 млрд теңге)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу