Елімізде жалған құжат жасайтындар саны 9%-ға артқан

1097

Жалған құжаттар мен мөр жасайтындардың саны бір жылда 9 пайызға артқан, деп хабарлайды Atameken Business.    

Елімізде жалған құжат жасайтындар саны 9%-ға артқан

Оған қоса жыл басынан бері 1 миллион теңгеден астам жалған ақша айналымға енген. Осы қылмыс үшін 94 адам жауапқа тартылған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, көбінесе 2000 және 5000 теңгелік купюралар қолдан жасалады. Ал жалған құжаттар мен мөр жасаудан Шымкент қаласы көш басында тұр. Бір жылда үшінші мегополисте, қылмыстың осы түрімен айналысатындар қатары 36,6 пайызға көбейген. Екінші орынға Алматы қаласы жайғасқан. Анти-рейтингтегі үштікті 114 қылмыстық іспен Алматы облысы түйіндейді. Жалған құжат, марапат қағаздары мен мөр жасағаны үшін 137 адам қамауға алынған. Арасында жасөспірім де бар.

Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 млрд теңгеден астам ақша салған. Ал оңай табысқа кенелтемін деген құрғақ уәдеге алданатындардың қатары 50 пайызға артқан. Алаяқтардың арбауына түскендердің ақшасы қайтарылды ма? Ал қаржы пирамидаларын жарнамалап жүрген жұлдыздар жауапкершілкке тартылады ма? Осы сұрақтарға жауапты студиямен тікелей байланыста тұрған әріптесім Маржан Жұмабай іздеп көрді. Маржан сен байланыстасың. Сонымен, алдамшы ұйымдарды сотқа бергендер бар ма?

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу