Елімізде жалған вакцина төлқұжатын сату дерегі анықталып жатыр – Ахметжанов

1001

Мұндай дерек Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Алматы облыстарында тіркелген.

Елімізде жалған вакцина төлқұжатын сату дерегі анықталып жатыр – Ахметжанов

Қазақстанда жалған вакцина төлқұжатын (паспорт) сату дерегі тіркеліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Кеше 3 өңірде медицина қызметкерлері ұсталды. Олар коронавирус қарсы вакцина алмағандарға құжат (вакцина төлқұжатын) рәсімдеген. Осылайша, жалған вакцина төлқұжатын жасаған", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов брифингте.

Медицина қызметкерлерін ұстау Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Алматы облыстарында жүргізілген.

Сондай-ақ агенттік төрағасы вакцина төлқұжатын сату сыбайлас жемқорлық қылмысы ғана емес, халықтың денсаулығына қауіп төндіру екенін атап өтті. Себебі, жалған құжат алғандар қоғамдық орындарға еркін бара алады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу