Елімізде жаңа Азаматтық кодекс әзірленеді

96

Бұл туралы Үкімет отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді.

Елімізде жаңа Азаматтық кодекс әзірленеді Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжат болашақ экономиканың құқықтық негізіне айналуы тиіс.

Министрдің айтуынша, жаңа Кодекс меншік иелерінің құқықтарын қорғауды күшейтуге, адал сатып алушылардың мүдделерін сақтауға және шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталады.

– Жеке құқықтың өз тиімділігін дәлелдеген институттарын сақтау, сонымен бірге жаңа экономикалық қатынастарға қатысушылар үшін олардың құқықтарын қорғауды және тәуекелдерді бөлуді қамтамасыз ете отырып, түсінікті әрі мазмұнды ережелерді жетілдіру ұсынылады.

Жаңа Конституция меншік нысандарының барлық түрлерін тең қорғауға кепілдік береді. Осы қағиданы дамыту мақсатында меншік иелерінің кепілдіктерін күшейту, адал сатып алушылардың құқықтарын қорғау және шарттық міндеттемелерді орындаудың сенімділігін нығайту ұсынылады. Бұл азаматтардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуге және кәсіпкерлік пен инвестициялар үшін болжамды жағдайлар жасауға мүмкіндік береді, – деді министр.

Жаңа Кодексті әзірлеу кезінде қолданыстағы заңнама, сот тәжірибесі және Конституцияның жаңа ережелері жан-жақты талданады. Бұл жұмысқа депутаттар, ғалымдар, тәжірибелі заңгерлер, бизнес өкілдері мен сарапшыларды тарту ұсынылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу