Елімізде жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр

474

Қаржы министрлігі экономиканың әртүрлі секторларындағы сараланған салық мөлшерлемелеріне көшуді ұсынып отыр. 

Елімізде жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Көлеңкелі экономикамен күрес шаралары туралы" өткен брифингте Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов мәлімдеді, деп жазады inbsuness.kz тілшісі.

Оның айтуыша, салық кодексін әзірлеу жұмыстары басталды. 

"Қаржы министрлігі экономиканың әртүрлі секторларындағы сараланған салық мөлшерлемелеріне көшуді; салық төлеуден жалтару тәуекелдерін азайту мақсатында арнайы салық режимдерін оңайлатуды; салық жүктемесін төмендету мақсатында ұйымдардың қасақана бөлінуіне жол бермеуді; барабар мөлшерлемелермен және қарапайым рәсімдермен бөлшек салықты қолдануды кеңейту; "сән-салтанат салығын" енгізу мүмкіндігін қарастыру мәселелер бойынша ұсыныстар жолданды", дейді Данияр Жанәлінов.

Спикердің дерегінше, жаңа кодекстің негізінде 2030 жылға дейінгі жаңа Салық саясаты жөніндегі тұжырымдаманың жобасы қалыптастырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу