Қазақстанда соңғы 50 жылда орташа жылдық ауа температурасы әлемдік көрсеткіштен шамамен екі есе жылдам өскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қазгидромет" дерегінше, 1976-2025 жылдары Қазақстандағы орташа жылдық ауа температурасы әр он жыл сайын шамамен 0,4 градусқа жоғарылаған. Ал әлем бойынша бұл көрсеткіш 0,18-0,20 градус шамасында болған.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның мәліметінше, 1980-жылдардан бері әр онжылдық алдыңғысынан жылырақ болған. 2006-2025 жылдар бақылау тарихындағы ең жылы 20 жылдық кезеңге айналды. Оның ішінде 2015-2025 жылдар ең жылы болған.
Қазақстандағы күннің жылыну қарқыны өңірлерге қарай да өзгереді. Мысалы, Қарағанды облысында орташа жылдық температура он жылда 0,29 градусқа өссе, Батыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 0,59 градус болған.
Маусым арасында ең жоғары өсім көктемде байқалған. Бұл кезеңде температура әр он жыл сайын орта есеппен 0,7 градусқа жоғарылаған. Батыс және оңтүстік өңірлерде ыстық күндердің саны да артып келеді.
Қазақстанда 1941 жылдан бергі бақылау кезеңінде 2025 жыл ең жылы жыл болды. Сол жылы орташа жылдық температура 1961-1990 жылдардағы климаттық нормадан 2,96 градусқа жоғары болған.
Күні кеше елімізде биыл қазан мен қараша айлары әдеттегіден жылы болатынын жаздық.