Елімізде жарты жылда импорттың көлемі артты

518

Еттен бөлек Қазақстанның сыртқы нарықтан алатын басқа да тауарларының көлемі еселеп артқан, деп хабарлайды Atameken Business.  

Елімізде жарты жылда импорттың көлемі артты

Ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін еліміз миллардтаған доллардың тауарын басқа елдерден алған. Жалпы 2021 жылдың алты айында елімізге 18,3 миллиард доллардың тауары келген екен. Тек Ресей мен Қытайдың ғана тауарларының құны миллиард долларлап есептеледі. Ресейден 7,5 миллиард, Қытайдан 3,6 миллиард доллардың тауары келген. Одан кейін импорт көлемі бойынша Германия, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Италия және Оңтүстік Корея мемлекеттері кетеді. Сондай-ақ, Қазақстанға тауар тасымалдайтын негізгі тізімде Беларусь, Франция, Жапония, Үндістан, Украина және Польша елдері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу