Елімізде жас кәсіпкерлердің саны 15%-ға артты

1225

Сонымен қатар әйелдер басқаратын 10 компанияның 6-сы еліміздің үш мегаполисінде шоғырланған.

Елімізде жас кәсіпкерлердің саны 15%-ға артты

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елімізде 10,2 мың заңды тұлға тіркелді. Олардың иелері 100%-ы 29 жасқа дейінгі әйелдер. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14,5%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Осы компаниялардың 83%-ы жұмыс істейтін мекемелер. Онда 8,5 мың заңды тұлғалар еңбек етеді. Бір жылда көрсеткіш 14,2% өсті. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған 7,6 мың кәсіпорын қалада, 853-і ауылдық жерлерде орналасқан.

Өңірлер бойынша әйелдерге тиесілі жұмыс істеп тұрған компаниялардың көбі Алматыда орналасқан – 2,4 мың компания. Бұл бір жыл бұрынғыдан 14,5%-ға артық. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан (2000 компания, +10,1%) және Шымкент (650 компания, +23,1%) өңірлер үштігіне енді.

Кәсіпкерлердің басым бөлігі көтерме және бөлшек сауда, автокөлік жөндеуде жұмыс істейді. Бұл салада 3 мың компания бар. Көрсеткіш жылына 11,7%-ға өсті. Негізгі салалардың ішінде екінші орында құрылыс (984 кәсіпорын, жылына +5,5%), үшінші орында – білім беру (612 кәсіпорын, +21,4%) секторы тұр.

Сонымен қатар ТОП-5 салаға кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, сондай-ақ әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету салалары кіреді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу