Жасы 40 пен 70-тен асқандар арасында суицид жасау көп

351

Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев еліміздің орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі Парламенттік комиссияның отырысында айтты.  

Жасы 40 пен 70-тен асқандар арасында суицид жасау көп Фото: Inbusiness.kz

Бүгін Сенатта тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде сапалы денсаулық сақтау мен білім беруді қамтамасыз ету мәселелері көтерілді, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгінгі мәселелер легі бойынша сіздердің назарларыңызды мына нәрсеге аударғым келіп отыр. Соның бірі еліміздегі суицид мәселесіне қатысты. Жалпы мұнда көрсеткіштердің азайғанын, белгілі бір динамиканы көріп отыр. Десек те ол сандар да жоғары. Осы отырыс алдында жүргізілген талдауда соңғы жылдары біз жастар арасындағы суицидке көп көңіл бөлінетінін анықтадық. Бұл дұрыс та шығар, себебі бізде негативті тенденциялар болды. Өз кезегінде біз бүгінгі таңда жасы 40-тан және 70-тен асқан азаматтардың санатында суицид көрсеткіші жоғары екенін байқап отырмыз. Бұл немен байланысты? Бәлкім қандай да бір аурулармен, әлеуметтік қиындықтармен, жеке мәселелермен байланысты шығар", - деді ол.

Мәулен Әшімбаев бұл алаңдатарлық тенденция екенін жасырмады.

"Мұнда Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне, жалпы әлеуметтік блокқа қатысты мәселелер де бар болуы мүмкін. Біз осы азаматтар санатына, әсіресе әлеуметтік және басқа да факторлар тұрғысынан осал азаматтарға қандай да бір профилактикалық бағдарламаларды, арнайы шараларды бағыттауымыз қажет", - деді Сенат төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу