Елімізде "Жасыл балабақшалар" саны артып келеді

103

Жоба бойынша өңірлерде 156 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жүргізіп жатыр.

Елімізде "Жасыл балабақшалар" саны артып келеді Фото: freepik

Елімізде "Таза Қазақстан" экологиялық жалпыұлттық қозғалысы аясында жүзеге асырылып жатқан "Жасыл балабақша" жобасына қатысатын мектепке дейінгі ұйымдардың саны артып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жоба бойынша өңірлерде 156 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жүргізіп жатыр.

Жобаның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және экологиялық мәдениетті балалық шақтан қалыптастыру. Жаңартылған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында балалардың экологиялық білімін дамытуға, табиғатқа ұқыпты қарауға және оны қорғау дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген.

"Экологиялық тәрбие балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Ол олардың табиғат туралы түсініктерін кеңейтуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен танысуға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, өсімдіктерді күтуге бағытталған. Мұның барлығы еңбексүйгіштік пен жауапкершілікті дамытуға ықпал етеді", – дейді мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манар Адамова.

Кіші жастағы балаларға экологиялық тәрбие "Қоршаған ортамен таныстыру" бағыты арқылы жүзеге асырылады. Себебі бұл балалардың табиғат туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыруға және оған деген дұрыс көзқарас орнатуға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс "Көркем әдебиет", "Сурет салу", "Сөйлеуді дамыту", "Математика негіздері" және "Музыка" сияқты бағыттарымен интеграцияда жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу