Елімізде жер сілкінісі тіркелді

Жер дүмпуі бүгін, яғни жергілікті уақыт бойынша сағат 14:29-да Жамбыл облысы аумағында болған.  

Елімізде жер сілкінісі тіркелді Фото: freepik

Магнитудасы 4.9 балдық жер сілкінісі туралы ТЖМ телеграм арнасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жерасты дүмпуі Тараз қаласынан 126 шақырым шығыста және Луговой ауылынан 16 шақырым шығыста, 8 шақырым тереңдікте тіркелген. Жер сілкінісі туралы тұрғындар көптеген пікір қалдырса, кейбірі дүмпуді сәл ғана сезгенін жеткізген. 

– ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 8 тамызында Астана уақытымен 14 сағат 30 мин жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында 334 шақырым жерде орналасқан, – деп жазды ТЖМ.

Еске салайық, бұған дейін ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС Сейсмикалық жағдай Жамбыл облысында тіркелгенін хабарлаған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу