Елімізде жетім балаларды интернат ұйымдарына орналастыру тәртібі өзгерді

222

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Елімізде жетім балаларды интернат ұйымдарына орналастыру тәртібі өзгерді Фото: Егемен Қазақстан

Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды интернат ұйымдарына жолдау тәртібі өзгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Енді бала анықталған сәттен бастап қорғаншылық және қамқоршылық органдары оларды алдымен үш тәулікке дейін толық тексеруден өткізу үшін медициналық ұйымдарға уақытша орналастыруға міндетті.

"Бұл қадам баланың денсаулығын дер кезінде тексеруге, қажет болса медициналық көмек көрсетуге және заң аясында әрі қарайғы қолдауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы – әрбір бала алғашқы күннен-ақ мемлекеттің қамқорлығы мен қолдауын сезінеді", – деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Депутаттардың бастамасы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызмет көрсету туралы заң аясында Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қолдауымен қабылданды.

Еске сала кетейік, бүгінде республикада жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 111 ұйым бар. Онда 3,6 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Сондай-ақ, 17 мыңнан астам жетім бала отбасылардың қамқорлығында өсіп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу