Елімізде жол-көлік оқиғасының саны бір жылда 9,5%-ға артты

701

2022 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 7,9 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Елімізде жол-көлік оқиғасының саны бір жылда 9,5%-ға артты

Жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларынан 1,2 мың адам қаза тапқан. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 17,4%-ға көп. Оның ішінде 874 ер адам, 320 әйел, 113 кәмелетке толмаған балалар болды.

Жол-көлік оқиғалары кезінде қаза тапқан балалар мен жасөспірімдердің үлесі 27%-ға өсіп отыр.

Өңірлік бөліністе жол-көлік оқиғалары Алматыда жиі орын алған (2,2 мың). Антилидерлердің үштігіне Алматы (1,2 мың) және Жамбыл (853) облыстары кіреді.

2022 жылғы қаңтар-шілде аралығында ЖКО салдарынан 11,6 мың адам зардап шеккен. Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 9,8%-ға артық. Олардың ішінде жарақат алғандар саны 9%-ға өскен. 

ЖКО-дан зардап шеккендердің басым бөлігі Алматы қаласы (2,6 мың), Алматы (2 мың) және Жамбыл (1,5 мың) облыстарында тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу