Елімізде жолаушылар саны 2 есе азайған

918

2021 жылғы қаңтар-шілдеде автомобиль және қалалық электр көлігі компанияларының кірісі 163,3 млрд теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Елімізде жолаушылар саны 2 есе азайған

2020 жылы бұл көрсеткіш 133 млрд теңге, 2019 жылы 149,2 млрд теңге болған.

Сектордағы барлық кірістің үштен екісі жүк тасымалынан түскен: 112,2 млрд теңге. 2020 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда бұл нақты мәнде 18,2% артық.

Сондай-ақ кірістің тағы 31,3% жолаушылар тасымалының үлесінде:
51 млрд теңге, өткен жылмен салыстырғанда 33% артық. Оның ішінде автобус тасымалынан түскен табыс 30,7%, 44,7 млрд теңге, такси қызметі – 4,3 есе, 2,5 млрд теңге, трамвай – 19,8%, 989,2 млн теңге, троллейбус – 26,3%, 879,2 млн теңгеге өскен. 

Сектордағы кірістің өсуіне қарамастан, жолаушылар тасымалы екінші жыл қатарынан азайып жатыр.

Биыл қаңтар-шілдеде жолаушылар тасымалы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 48% азайып, 3,5 млрд адамға дейін төмендеген.

2020 жылғы қаңтар-шілдеде 6,7 млрд адам тасымалданған, бір жылда минус 50,2%. 

Такси қызметін 1,1 млрд адам пайдаланса, автобустармен 2,3 млрд адам, трамвайлармен 15,7 млн адам, троллейбустармен 14 млн адам тасымалданған.

2021 жылғы 7 айда жолаушылар айналымы да қысқарған: 47,9%, 37,5 млрд жкм. Көрсеткіш екінші жыл қатарынан төмендеп отыр.

Биыл қаңтар-шілдеде автомобиль және қалалық электр көлігімен 1,7 млрд тонна жүк пен багаж тасымалданды: өткен жылмен салыстырғанда 4,3% аз. Жүк тасымалының көлемі жолаушылар тасымалының көлемі сияқты екінші жыл қысқарып жатыр. Бірақ сектор жолаушылар тасымалымен салыстырғанда айтарлықтай зардап шекпеген.

Жүк айналымы 79,6 млрд ткм, өткен жылмен салыстырғанда 5,1% аз.

2021 жылғы шілденің қорытындысы бойынша жүктерді тасымалдау бойынша автомобиль көлігі қызметтерінің бағасы жылдық динамикада 0,8% төмендеді. Сонымен қатар жолаушылар көлігі қызметтеріне тарифтер бір жылде 2,3% өсті.

Жүк тасымалдау бағасы Түркістан (бір жылда 8,8%) және Қарағанды (4%) облыстарында, Алматы қаласында (3,8%) айтарлықтай көтерілген. Алматы және Жамбыл облыстарында жүк тасымалдау құны өзгеріссіз қалған. 4 өңірде баға төмендеді: Шымкентте минус 29%, Павлодар облысында минус 1,7%, елордада минус 1,3%, Шығыс Қазақстан облысында минус 0,4%.

Жамбыл облысында жолаушылар көлігінің қызметі бірден 19,2% қымбаттады. Бағаның айтарлықтай өсуі Қарағанды және Павлодар облыстарында да тіркелді: әр өңірде 4,8%. 

Жолаушылар тасымалы сегментінде бағаның өсуі барлық өңірде байқалған. Тек Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында баға өзгеріссіз қалған. Елордада баға 0,1% төмендеген. 

ІІМ дерегіне сәйкес, бұл елдегі 84,7 мың автобустың шамамен 25,8 мыңы. Мұндай автобусты басқарған жүргізушілер тарапынан 228 жол апаты тіркелген, 16 адам қаза тапқан, 299 адам түрлі дене жарақатын алған. Ескі автобустардың 71% немесе 18,3 мыңы жеке тұлғалардың меншігінде.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу