Елімізде жұмыртқа қымбаттады

518

Баға бір айда 6%-ға, ал елдегі 20 өңірдің онында 10%-дан аса көтерілген

Елімізде жұмыртқа қымбаттады Фото: atameken.kz

Қаңтар- қыркүйек аралығында Қазақстанда 3,8 млрд дана жұмыртқа басылды, бұл жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,3%-ға жоғары, деп жазады inbusiness.kz, energyprom.kz порталының сараптамасына сілтеме жасап.

Өңірлік бөліністе Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр, жыл ішінде өндіріс 40,7%-ға ұлғайып, 559,9 млн дана шығарылған. Екінші орында Ақмола облысы 555,5 млн дана жұмыртқа басылған, алайда өнім жыл ішінде 7,4%-ға төмендепті. Қарағанды облысында былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 2%-ға кем өнім алынып, 472,9 млн дананы құрады.

Қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар ішкі сұранысты 96,3%-ға қамтыған, өткен жылғы көрсеткіш 94,4% болған еді. Сәйкесінше 3,7% өнім импортталған. Жыл басынан бері елімізге 130,8 млн дана жұмыртқа әкелінген, өткен жылғыдан 30,9%-ға кем.

Жұмыртқа экспорты керісінше 2,2 есе ұлғайып, 184,5 млн данаға жеткен.

Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша жұмыртқа бағасы бір айда 6,3%-ға, жыл ішінде 14,8%-ға қымбаттаған. Өңірлер арасында баға Ұлытау облысында бірден 19,8%, Павлодар облысында 14,7%, Қызылорда облысында 13,6% көтерілді. Алматы облысында 0,4%-ға қымбаттаған. Елдегі 20 аймақ бойынша ай ішінде баға тек Алматы қаласында өзгеріссіз қалған.

Жылдық көрсеткіште, жұмыртқа  Қызылорда облысында 52,2%, Қостанай облысында 34,1%, Батыс Қазақстанда 32,5% қымбаттаса, Алматы қаласында 4%-ға, Жетісу облысында 0,4%-ға арзандапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу