Елімізде жыл басынан бері 234 мыңнан аса көлік тіркелген

958

Электр қуатымен жүретін көліктерге сұраныс артуда. 

Елімізде жыл басынан бері 234 мыңнан аса көлік тіркелген

2020 жылдың қаңтар және ақпан айларында елімізде 234 462 көлік тіркелді, деп хабаралады "ҚазАвтоӨндіріс" баспасөз қызметі. 

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,7%-ға жоғары. Оның 220 105 бұрын тізгінделген темір тұлпарлар. Ал 14 357 көлікті қазақстандықтар жаңадан сатып алған. Аталған көрсеткіш 2019 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 21,8%-ға жоғары. 

2020 жылдың тек ақпан айында 123 617 темір тұлпар тіркеуге қойылған. Оның 116 308-і қайта  сатылған көліктер. Сонымен қатар биыл электр қуатымен жүретін 6 авто тіркелсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде оның саны 2-еу болатын. 

Өңірлер бойынша қайта тіркеуге қойылған көліктердің көбі Алматы облысында (35 407),  Алматы қаласында (27 175) және Түркістан облысында  (21 786). 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу