Елімізде жыл басынан бері шаштараз қызметі 10%-дан аса қымбаттады

455

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше азық-түлік және өзге де тауарлармен қатар қызмет көрсету саласында да бағалар өскен, деп жазады inbusiness.kz.  

Елімізде жыл басынан бері шаштараз қызметі 10%-дан аса қымбаттады Фото: depositphotos.com

Биыл 10 айда әйелдер үшін шаштараз қызметі 11%, ал ер адамдар үшін 13% қымбаттаған. Мысалы, қазан айында бұрымдылар үшін шаш қию орта есеппен 2700 теңге болса, ер адамдар бұл қызметті алу үшін 2000 теңге төледі. Елімізде монша қызметі де жыл басынан бері 13%-ға қымбаттаған.

Сонымен қатар, аяқ киім жөндеу қызметінің құны да айтарлықтай өскен. Әйелдер аяқ киімін жөндетуге бір жыл бұрынғыға қарағанда 26%, ер адамдар 20% артық ақы төлейді.

Кинотеатрларда билет құны бір жылда 11%-ға өскен. Биылғы он ай ішінде қымбатшылық барлық саланы дерлік қамтыған. Әзірге қоғамдық көлікте жол жүру ақысы ғана өспеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу