Елімізде жыл сайын 1 миллион тонна бал өндірілетін болады

738

Мамандардың пікірінше, еліміздің әлемдегі ең ірі бал экспорттаушы мемлекетке айналу мүмкіндігі бар.

Елімізде жыл сайын 1 миллион тонна бал өндірілетін болады

2050 жылға қарай елімізде жыл сайын 1 млн тонна бал өндіріледі. Күтілетін табыс 10 млрд АҚШ долларына тең. Ара шаруашылығының ұлттық одағы осылай болжам жасап отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Мамандардың пікірінше, еліміздің әлемдегі ең ірі бал экспорттаушы мемлекетке айналу мүмкіндігі бар. Қытайға экспорт 50 есеге арттырылмақ.

Арнайы келісім негізінде алдағы бес жылда Шығыс Қазақстан көрші елге 14 мың тонна бал жөнелтеді. Кедендік баға келісіне – 1000 теңге. Бұған дейін өңір омарташылары аспан асты еліне 50-60 тонна бал жіберетін.

Айта кетсек, еліміздегі тауарлық балдың 70 проценті шығыстыкі.

Жалпы, Қазақстанда жылына 15 мың тонна тәтті өнім өндірілсе, оның жартысы ғана шетелге шығарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу