Елімізде жыл сайын 5,8 млн тонна сүт өндіріледі

724

Алдағы 5 жылда сүт зауыттары шикізатпен толық қамтылады.

Елімізде жыл сайын 5,8 млн тонна сүт өндіріледі

Биыл цифрлық технология қолданатын 25 өнеркәсіптік тауарлық сүт фермасы, 3 ет комбинаты және 8 құс фабрикасы салынады. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәжілістегі үкімет сағатында осылай деді.

Министрдің мәлімдеуінше, қазір Жамбыл облысында қант зауытының құрылысы жүріп жатыр. 

"Инвесторлар айқындалды, қаржыландыру мәселесі шешіледі", – деді Сапархан Омаров.

Оның айтуынша, соңғы 3 жылда ірімшік пен сүзбе өндірісі 16,2%-ға артып, 29,5 мың тоннаны құрады. Ал қамтамасыз ету көрсеткіші 54,8%-дан 57%-ға жетті. 

"Елімізде шамамен 5,8 млн тонна сүт өндіріледі. Ал сүт зауыттарының
жүктелуі 65%-ды ғана құрайды. Осыған байланысты, жыл сайын 25 өнеркәсіптік тауарлық сүт фермасын енгізу арқылы сүт өндірісінің өнімділігін арттыру көзделіп отыр. Бұл жыл сайын қосымша 120 мың тоннаға дейін сүт өндіруге және 1250 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Осы үшін қаржыландырудың жеңілдетілген шарттары пайдаланылады. Нәтижесінде алдағы 5 жылда сүт зауыттары шикізатпен толық қамтылады", – деді Сапархан Омаров.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу