Елімізде жыл сайын қанша мал қырылады?

608

БҰҰ даму бағдарламасында Қазақстанда жыл сайын 17 мың сиыр,   61 мың қой мен ешкі, 5 мың жылқы, 980 түйе, 42 мың шошқа өлетіні туралы дерек жарияланды. 

Елімізде жыл сайын қанша мал қырылады?

"Өкінішке қарай, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті жануарлардың қырылу себебіне назар аудармайды. Негізі 
жануарлардың қырылуына ауарайының қолайсыздығы мен жем-шөптің жетіспеушілігі себеп болады. Қазақстанның қолданыстағы жайылым алқаптары климаттың өзгеруіне дайын емес. 2030 жылға қарай Қазақстанның 7 облысында жайылымдардағы мал сыйымдылығы 9,8%-ға  төмендейді. Салдарынан 109 млрд теңге көлемінде экономикалық шығын ықтималдығы пайда болуы мүмкін. 2050 жылға қарай мал жайылатын жердің сыйымдылығы 15,2%-ға қысқарса, экономикалық шығын 169,6 млрд теңгеге дейін еселенеді", – деп нақтыланды құжатта. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу