Елімізде жыл сайын шамамен 2 жарым мың жұмысшы жарақат алады

379

Елімізде жыл сайын шамамен 2 жарым мың жұмысшы жарақат алады

Қазақстанда жыл сайын шамамен 2 жарым мың адам өндіріс орындарынан әр түрлі деңгейдегі жарақат алады. Бұл туралы еліміздегі кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым айтты, деп хабарлайды almaty.tv. 

Өндірістік жарақат алғандар ішінде біржола мүгедектікке душар болып қалатындары да бар. Бұл тек ресми тіркелген мәлімет, дегенмен зардап шеккендер саны одан да көп болуы ықтимал. Сондықтан мекеме басты назарды жұмыскерлердің құқығын қорғауға арнап отыр.

Қазір еліміз бойынша кәсіподақтарды жаңғырту мақсатында жол картасы қабылданған. Жалпы Қазақстанда кәсіподақтың 2 млн-ға жуық мүшесі бар. Олар жергілікті әкімдік, қоғам белсенділерімен бірге кәсіподақтарды дамытудың маңыздылығын талқылады.

"Жалпы кәсіподақ шынайы жұмыс адамының қорғаушысы болуы керек. Кеңесшісі болуы керек. Мына жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы заманауи медиатор болуы керек. Болып жатқан дауларды ақылдаса отырып, ортақ мәлімеге алып келуі керек. Заңды түсіндіру керек", - деді ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу