Елімізде жылына 2 мыңнан астам жемқорлық жасалды

1494

Жемқорлықтан қазынаға келген шығын 23,2 млрд теңге.  

Елімізде жылына 2 мыңнан астам жемқорлық жасалды

Жалпы жыл басынан бері жемқорлыққа қарсы қызмет 2 121 заңбұзу фактісін анықтаған. Оның 1 590-ы жемқорлық жағдайлары. Осы орайда айта кетейін, Трансперенси Қазақстан әлеуметтік сауалнама жүргізіп, соңғы 12 айда сұралғандардың 77,2%-ы қандайда бір мәселе бойынша мемлекеттік органдарға жүгінгендерін анықтаған. Олардың 13,4% сұрақты бейресми жолмен, яғни сыйақы түрінде шешу қажеттілігіне тап болыпты. Мұндай жағдайлардың дені Жамбыл, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Қарағанды,  Қызылорда облыстарында және Алматы қаласында тіркелген. Респонденттердің айтуларынша, жемқорлық жағдайларының 60%-ы мемлекеттік органдарда, атап айтқанда, емханалар мен ауруханалар, полиция, жер қатынастары басқармалары, жоғары оқу орындарындары мен  бала бақшаларда орын алған.

Жемқорлықтан қазынаға келген шығын 23,2 млрд теңге. Шыны керек, соңғы жылы жең ұшынан жалғасқан жемқорлық жайы жиі айтылатын болды. Құдайдың құтты күні әйтеуір бір мемлекеттік қызметкер ұсталды дегенді оқып, естіп, жаңалықтардан беріп те жүрміз. Бұл нені білдіреді ? Жемқорлықпен күрес қызметіның нәтижелі жұмысы ма? Жоқ, әлде адамдардың арандары әбден ашылып, қорқу, сескенуден қалған ба ? Сұрақтардың жауабын студияға келген сарапшы-маман, "Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығы" РҚБ төрағасы Төлеген Байғұлов айтып береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу