Еліміздегі 10 мыңға жуық сайлау учаскесі өз жұмысына кірісті

820

Астана уақытымен сағат 8.00-дегі жағдай бойынша облыстық, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес республикадағы барлық 9994 сайлау учаскесі және шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жанындағы 17 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті, деп хабарлады ОСК.

Еліміздегі 10 мыңға жуық сайлау учаскесі өз жұмысына кірісті

Шетелдегі 49 сайлау учаскесі уақыт белдеулерінің айырмашылығын ескере отырып, дауыс беруге кіріседі.

Учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылардың өтініштері бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру құқығын беретін 10599 есептен шығару куәлігін берді. Осы есептен шығару куәліктері бойынша азаматтар бүгін келген жеріндегі кез келген учаскеде дауыс бере алады.

Мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру құқығын беретін 11612 есептен шығару куәлігі берілді.

Жергілікті атқарушы органдар мен сайлау комиссияларымен сайлаушылар тізімдерінің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс атқарылды.

Сайлаушылар тізіміне 11 млн 915 мың 903 сайлаушы енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу