Еліміздегі 22 жол учаскесі ақылы болады

959

Жалпы еліміз бойынша 96 мың шақырым жол бар, деп хабарлайды Atameken Business.  

 Еліміздегі 22 жол учаскесі ақылы болады

Оның 25 мың шақырымы республикалық маңызға ие. Әзірге жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын 4 учаске ақылы. Олар: 2013 жылы ашылған "Нұр-Сұлтан – Щучье",  екіншісі 2019 жылы пайдалануға берілген "Нұр-Сұлтан – Теміртау",  "Алматы - Қапшағай" және "Алматы-Қорғас". Былтыр олардан қазынаға 4,5 млрд теңге түсті. Қаражат осы жолдарды күтіп-баптауға жұмсалған. Ал табысты еселеу үшін биыл тағы 18 учаске іске қосылады деп жоспарланған. Олардың жалпы ұзындығы 5 мың 800 шақырым. Осылайша, елдегі ақылы жолдардың ұзақтығы 1260 шықарым болады. Ал 2025 жылға қарай Үкімет оны 11 мың шақырымға жеткізуді көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу