Еліміздегі 79 су айдынынан 95,3 км ау жиналды

930

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2019 жылғы 17 тамызда өткен "Аулардан таза – су айдындары" экологиялық акциясының нәтижелерін жариялады.

Еліміздегі 79 су айдынынан 95,3 км ау жиналды

Акцияға еліміздің әр өңірінен 5 100-ден аса мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, табиғат қолданушылардың, экологиялық ұйымдардың өкілдері мен еріктілер қатысыпты.

"Қатысушылар 79 су айдындар мен учаскелерден 95,3 км синтетикалық тор мен жағалаулардан 121 тонна қоқыс жинады. 431 суда жүзгіш құралдар 61 685 га ауданда өзен мен көлдерді тазалап, су түбіндегі ауларды жинау үшін сүңгуірлер жұмылдырылды",– деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтауға арналған бұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу