Еліміздегі әр үшінші үй 1970 жылға дейін салынған

868

Жалпы ауданы 405,5 мың шаршы метрді құрайтын 1,8 мың үй апаттық жағдайда. 

Еліміздегі әр үшінші үй 1970 жылға дейін салынған

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы жүргізген сауалнамаға сәйкес, елімізде отбасылардың 45,9%-ы көппәтерлі үйлерде тұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

9% -ы екі пәтерден тұратын үйлерде, 1,5% -ы үйдің бөлек бөлмесінде, 0,4% -ы пәтердің бөлек бөлмесінде тұрады.

Сонымен бірге 1-4 адамнан тұратын отбасылардың көпшілігі көп пәтерлі үйлерде, ал 5 және одан да көп адамнан тұратын жанұялар жеке үйлерде тұрады.

Бөлмелерге келетін болсақ, жанұялардың 58,5%-ы үш немесе одан көп қонақ бөлмелері бар үйде, 30,5%-ы - екі, 11,1%-ы - бір бөлмелі үйде тұрады.

Респонденттер тұратын үйлердің орташа жалпы ауданы 69,2 шаршы метрді құрады.  Олардың орташа тұрғын ауданы 48,2 шаршы метр.

Бір адамнан тұратын отбасыларға орта есеппен 35,8 шаршы метрден, 2 адамға - 42 шаршы метрден, 3 адамға - 45,5 шаршы метрден, 4 адамға - 48,9 шаршы метрден, 5 немесе одан көп адамға - 62,5 шаршы метрден келеді. Ал 29,4% -ында бір адамға шаққандағы тұрғын алаңы 20,1 шаршы метр немесе одан көп. 

2020 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 2,4 млн тұрғын үй бар.  Олардың үштен бір бөлігі Алматы (350,9 мың үй), Түркістан (325,5 мың үй) және Шығыс Қазақстан (210,4 мың үй) облыстарында орналасқан.

Елдегі үйлердің төрттен бір бөлігі кірпіш пен тастан салынған: 610,5 мың. Сондай-ақ, танымал материалдардың қатарына монолитті темірбетон және панельдік құрылымдар кіреді.

Үйлердің 31,5% 1970 жылға дейін, 8% 1976-1980 жылдары салынған, тағы 7,8% 1986-1990 жылдары бой көтерген.  Жалпы, тәуелсіздік алғанға дейін (1991 жылға дейін) республикада елдегі тұрғын үйлердің 59,6% салынған.  Соңғы 5 жылда республикада 145,9 мың үй салынды, бұл жалпы санның 6,1% құрады.

Бұдан бөлек жалпы ауданы 405,5 мың шаршы метрді құрайтын 1,8 мың үй апатты жағдайда. Оларда 24,4 мың адам тұрады. Апатты үйлердің ең көп саны Алматы облысында: 332 ғимарат.  Осындай тозығы жеткен үйлер саны көп аймақтар үштігіне Нұр-Сұлтан мен Атырау облысы да кірді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу