Еліміздегі әрбір бесінші жалдамалы қызметкердің жалақысы 90 мың теңгеден төмен

1014

Мемлекеттік қызметшілер мен топ-менеджерлердің жалақысы фермерлердің жалақысынан үш есе көп. 

Еліміздегі әрбір бесінші жалдамалы қызметкердің жалақысы 90 мың теңгеден төмен

45 мың теңгеден аз жалақы алатын қызметкерлердің үлесі, Ұлттық статистика бюросының сәуір айындағы зерттеуіне сәйкес, бір жыл ішінде 1,8%-дан 1,2%-ға дейін қысқарды. Жалдамалы қызметкерлердің төрттен бір бөлігі 45 мыңнан 105 мың теңге аралығында ақы алады. Ең көп табыс табатындар (36,9%) 105 мыңнан 210 мың теңгеге дейін жалақы алады, деп хабарлайды inbusiness.kz  finprom.kz-ға сілтеме жасап.

Қызметкерлердің 1/4 астамының жалақысы 210-390 мың теңге, ал 10,7% қызметкердің табысы 390 мыңнан жоғары.

Бұл зерттеуге еліміздегі ірі, орта және шағын компаниялардың 30%-ы қатысқан.

Жас ерекшелігіне қарай келсек, ең жоғары орташа айлық жалақы 35-44 жас арасындағыларға, (247,8 мың теңге) тиесілі. Одан әрі орташа жалақы (237,7 мың теңге) зейнет жасындағы қызметкерлерге келеді.

Ең төменгі орташа айлық жалақы енді ғана жұмыс істей бастаған адамдарда, яғни 16-24 жас аралығындағы қызметкерлерде байқалды (150,2 мың теңге).

Экономикалық қызмет түрлері бойынша қаржы және сақтандыру қызметі саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы ең жоғары: 394,3 мың теңге. Кәсіби, ғылыми, техникалық қызмет саласы (344,6 мың теңге) және құрылыс (321,1 мың теңге) қызметкерлері де көп табыс табады.

Ең төменгі орташа жалақы дәстүрлі түрде ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында белгіленді (135,1 мың теңге). Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар сегментінде (141,8 мың теңге) және өнер, ойын-сауық және демалыс саласында (143,5 мың теңге) көрсеткіштер жоғары емес.

Ірілендірілген топтар бойынша келсек, ең жоғары орташа айлық жалақы басшылар мен мемлекеттік қызметкерлерде байқалды (372,1 мың тг).

Екінші орында кәсіби мамандар (258,7 мың теңге), одан әрі өндірістік жабдық операторлары, жинаушылар және жүргізушілер (199,3 мың теңге).

Ең төменгі жалақыны біліктілігі жоқ жұмысшылар алды: 87,1 мың теңге. Қызмет көрсету, сату саласының қызметкерлері (115,4 мың теңге), фермерлер, ауыл, орман шаруашылығының, балық өсіру мен балық аулау саласының жұмысшылары (116,2 мың теңге) да осы қатарда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу