Еліміздегі ауасы ең лас қалалар анықталды

1218

Оның ішінде Өскемен мен Алматы көш бастап тұр.   

Еліміздегі ауасы ең лас қалалар анықталды

2020 жылы еліміздегі ауасы ең лас қалалар деп Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Өскемен, Қарағанды, Ақтөбе, Жезқазған, Балқаш, Атырау және Теміртау танылды, деп хабарлады inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Мұның басты себебі – өндірістік кәсіпорындар, көлік құралдарының көптігі болып отыр. 

Ауа құрамындағы қалдықтарды анықтауда екі көрсеткіш негізге алынады. Біріншісі ауа құрамындағы шекті мөлшердегі ластағыш заттардың көлемі.

2020 жылы бұл көрсеткіш бойынша арнайы тізім жасалды. Рейтингте ауасы ең лас қалалар қатарын Өскемен (20,4), Ақтөбе (19,8) Қарағанды (19,8) бастайды. Одан кейінгі орында еліміздегі ең ірі мегаполистер - Шымкент (3,1), Алматы (5,8) және Нұр-Сұлтан (10,7) тұр. 

Қазгидрометтің хабарлауынша, ауа сапасын бағылау жұмыстары республика бойынша 45 елдімекен мен 140 экологиялық бекетте жүргізілген.   

Ал екінші көрсеткіш – ауадағы зиянды қалдықтардың шекті мөлшерден асуы. Бұл тізімде Алматы (13%), Ақтөбе (6%), Рудный (6%) және Атырау (6%) көш бастап тұр.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу