Еліміздегі автокөлік жолдарының 90%-ы қанағаттанарлық жағдайда

792

651 жол учаскесінде халықаралық талаптарға сай нысандар салынады.

Еліміздегі автокөлік жолдарының 90%-ы қанағаттанарлық жағдайда

Президент жолдауын іске асыру бойынша брифинг барысында Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр еліміздегі жолдардың сапасына тоқталды. Оның сөзінше  елдегі автокөлік жолдарының 90%-ы қанағаттанарлық жағдайда. 

"Транзиттік-трафиктік позицияны ұстап қалу үшін біз қызмет көрсету, тасымалдаудың сапасы мен жылдамдығын арттыру бойынша жұмыс жасаудамыз. Бұл бағытта Қазақстанда көлік инфрақұрылымын дамыту одан әрі жалғасады", - деген премьер-министрдің орынбасары 2025 жылы республикалық автокөлік жолдарын жаңарту мен қалпына келтіру 100%-ға аяқталатынын мәлімдеді. 

Бұл ретте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов еліміздегі жолдарды жөндеуге бөлінген қаржы мәселесіне тоқталды. 

"Нұрлы жол" бағдарламасының 2020-2025 жылға арналған жалпы бюджеті 5,5 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 3,5 млрд теңге жолдарды жөндеуге бөлінген. Автожол саласының есебінен республикалық маңызы бар жолдарды  жөндеу мен салу жұмыстарына 2,1 трлн теңге қарастырылған. Ал 2020 жылға дейін 12 мың шақырым жол жөнделсе, 2025 жылға дейін 11 мың шақырым жол жөндеуді жоспарлап отырмыз. Жалпы 24 мың шақырым жол толық қалпына келтіріледі. Қазіргі кезде 4 мың шақырым жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде", – деген министр ірі магистральдар бойынша қызмет көрсету орталықтарын салу мәселесіне тоқталды. 

"Жол бойынша дәріханалар салуға республикалық бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Алайда  қызмет көрсетуге арналған 651 аймақ белгіленді. Бұл бағыт бойынша бизнес және жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. 2025 жылға дейін белгіленген учаскелерде халықаралық талаптарға сай нысандар салынады деп жоспарлап отырмыз", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу