Еліміздегі банктерге 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

746

Сондай-ақ, анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктерге қатысты 56 санкция және шектеулі ықпал ету шарасы қаралды.

Еліміздегі банктерге 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылығына мониторинг пен талдау жүргізді, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктерге қатысты 56 санкция және шектеулі ықпал ету шарасы қаралды.

2018 жылғы 4-тоқсанда қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштері мен шағымдарын қарау нәтижелері бойынша "ForteBank" АҚ, "Сбербанк России" АҚ ЕБ, "Банк ЦентрКредит" АҚ, "Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ, "Еуразиялық банкі" АҚ, "Қазпошта" АҚ ең көп бұзушылыққа жол берген.

Өткен жылдың соңғы тоқсанында әкімшілік жауапкершілік көзделген бұзушылықтар үшін банктерге салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 6 млн 965 теңгеден астам болды, оның ішінде: "Еуразиялық банк" АҚ - ға – 2 млн 405 мың теңге;  "Сбербанк России" ЕБ АҚ-ға – 1 млн 154 мың 402 теңге; "ForteBank" АҚ-ға – 1 млн 202 мың 500 теңге; "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ-ға – 757 мың 575 теңге; "Банк Центр Кредит" АҚ-ға – 962 мың;  "Цеснабанк" АҚ-ға – 401 мың теңге; "Қазпочта" АҚ-ға – 98 мың 650 теңге айыппұл салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу