Еліміздегі барлық пойыздарға Wi-Fi қондырылмақ

854

Еліміздегі барлық пойыздарға Wi-Fi қондырылмақ

Алдағы уақытта еліміздегі барлық жолаушылар пойызына Wi-Fi қызметі орнатылмақ. Бұл туралы Астанада өткен брифингте "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма мүшесі Алмас Айтпаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі уақытта "Тұлпар-Тальгоның" бірнеше пойызында, атап айтқанда Алматы-Петропавл және Алматы-Астана бағыттарына Wi-Fi қызметі енгізілді. 2020-2022 жылдары өзге бағыттарға да енгізіледі", – деді Алмас Айтпаев Астанада өткен брифингте.

Басқарма өкілі жиын барысында барлық пойыздарды Wi-fi қызметімен қамту мәселесіне тоқталды.

"2020-2022 жылдарға дейін Қазақстан темір жолы барлық темір жол желісіне Wi-Fi жүйесін енгізуді жоспарлап отыр, сонда барлық пойыздарда Wi-Fi қолжетімді болады", – деді Алмас Айтпаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу