banner

Еліміздегі ең кедей облыс анықталды

2083

Еліміздегі ең кедей облыс анықталды

ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметі бойынша, үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі бес жыл ішінде 0,3 пайыздық тармаққа қысқарып, 2017 жылы 2,6% құрады.

Сонымен қатар, қалалық және ауылдық жердегі табыстың арасы алшақтай түсті. Қалалық жерде табысы ең төменгі күнкөрістің деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі - 1,2%-ды, ал ауылдық жерде 4,5%-ды құрады. Ауылдық жердегі кедейліктің деңгейі қалалық деңгейден 3,8 есеге асып түсті.

Өңірлер бөлінісіндегі кедейлік деңгейін қарастыратын болсақ, 2017 жылы кедейліктің ең жоғары мәндері Оңтүстік Қазақстан (5%), Жамбыл (3,5%) облыстарында, ең аз үлесі – Астана (0,8%) және Алматы (1%) қалаларында байқалған.

Өңірлік бөліністе елдімекен типі бойынша табысы ең төменгі күнкөрістің деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің саралануы бойынша, ауылдық жерлерде кедейліктің жоғары мәндері Оңтүстік Қазақстан (7,9%), Маңғыстау (5%) және Қарағанды облыстарында (4,9%) байқалғанын көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу