Еліміздегі ең жоғары жалақыны қандай мамандық иелері алады?

7287

Атаулы жалақы индексі – 115,8%, ал нақты жалақы индексі 109,9%-ға тұрақтады.

Еліміздегі ең жоғары жалақыны қандай мамандық иелері алады?

2019 жылғы төртінші тоқсанында бір қызметкердің орташа жалақысы 203 мың 883 теңгені құрады, деп хабарлады ҰЭМ статистика комитеті. 

Осылайша елімізде атаулы жалақы индексі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 115,8%-ға, ал нақты жалақы индексі 109,9%-ды құрады.

Егер салалар бойынша қарасақ ең жоғары атаулы жалақы кен өндіру мен карьерлерді барлау өнеркәсіптеріне тиесілі. Яғни, 428,3 мың теңге. Бұл орташа республикалық жалақыдан 2,1 есеге жоғары. Екінші орында қаржы және сақтандыру қызметі. Аталған саланың орташа айлығы 402,5 мың теңге. Сонымен қатар кәсіби, ғылыми және техникалық қызметкерлердің еңбекақысы – 373,4 мың теңге болса, ақпарат және байланыс саласы мамандарының айлығы – 278,0 мың теңгеге тұрақтаған. 

Ал ең төменгі атаулы жалақыны ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлері алады. Яғни аталған сала мамандарының орташа айлығы – 127,3 мың теңге. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 37,6 %-ға төмен.

Жалпы өңірлер бойынша ең жоғары жалақы – 345,2 мың теңгені Атырау облысы тұрғындары алады. Ол орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге жоғары. Ал ең төменгі айлық - 138,1 мың теңге Түркістан облысы тұрғындарына тиесілі.  Бұл еліміз бойынша тіркелген орташа  айлықтан 32,3%-ға төмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу